ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР

 

Интернет – дүкеннен тауарларды сату-сатып алу келісімшартын жасасуға

Көпшілік офертасы бар пайдаланушы келісімшарты

 

 

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы, бұдан әрі «Сатушы» деп аталатын, Интернет-дүкеннен тауарларды сату-сатып алуға арналған шартты жасасу үшін http://store.nis.edu.kz/ көпшілік офертасы бар осы пайдаланушы шартын жариялайды, бұл шарт Сатушының ресми интернет-сайтында –  http://store.nis.edu.kz   (бұдан әрі – «Интернет-дүкен») ұсынылған тауарларды сату-сатып алуға келісімшартты жасасу үшін  физикалық тұлғалардың шектелмеген санына арналған.

 

  1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

1.1. Осы көпшілік офертасы бар  пайдаланушы шарты Сатып алушымен  Интернет-дүкенде (бұдан әрі – «Келісімішарт») ұсынылған тауарларды сату-сатып алу келісімшартын жасасу үшін маңызды шарттарынан тұрады.

1.2. Осы көпшілік офертасы бар пайдаланушы шарттың пәні кәсіби қызметтерді жүзеге асыру және пайда алумен байланысты емес,  Сатып алушыға Интернет-дүкенінде берілген тауарларды жеке қажеттіліктері үшін сатып алу мүмкіндіктерін береді.

1.3.  Сатып алушы интернет-дүкендегі тауарды сатып алуға тапсырысты беру арқылы осы көпшілік офертасы бар пайдаланушы келісімшарттың шартын қабылдайды және келісімшартты жасасуға келісімін береді.

1.4. Сатушы Қоғамдық ұсынысты веб-сайттың жаңа редакциясына орналастыру арқылы сатып алушының назарына жеткізе отырып  осы Көпшілік оферта келісімшарттарын бір жақты тәртіпте өзгертуге  құқылы.

1.5. Сатып алушы тағайындау бойынша интернет-дүкендердің интерактивті ресустары сатып алуға өз пікірлерін қалдыруға құқылы.

1.6. Осы Көпшілік офертада қолданылатын негізгі түсініктер:

1.6.1.  «Сатып алушы» – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы

БИН  120 241 000 016

KZ226010111000346132, в АО «Народный банк Казахстана

БИК: HSBKKZKX

Заңды мекенжай: индекс 010000, Қазақстан,   Астана қаласы, Есіл  ауданы,  31 көшесі, 37А ғимарат

1.6.2 «Сатып алушы» – физикалық тұлға, сайтты қарайтын  және  Интернет дүкен арқылы тауарға тапсырыс беретін адам болып табылады.

1.6.3. Интернет-дүкен –Сатып алушуға тиесілі Интернет-ресурс, келесі мекенжай бойынша орналасқан http://       , бұл сайтта тауарлар берілген, сондай-ақ,  тауарларды сату бойынша өзге ауқымды шарттар.

1.6.4. «Тауар» – интернет-дүкенінде ұсынылған оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендері, оқу әдебиеті.

1.6.5.  «Тапсырыс» – Интернет дүкенде тауарды сатып алу үшін сатып алушының тиісті түрде рәсімделген өтінімі.

1.6.6. «Көпшілік оферта» –  Сатушының Сатушыға пайдаланушы келісімшарттың шарттарында келісілген сату-сатып алу шартын жасасу туралы ұсынысы.

1.7. Осы келісімшарт Сатып алушы және интернет-дүкенінің арасында тапсырысты рәсімдеу кезінде жасасқан деп есептеледі.

1.8. Көпшілік офертаны интернет-дүкен арқылы тауарды сатып алуға қызығушылық танытқан Қазақстан Республикасының аумағындағы кез-келген жеке тұлға қабылдай алады.

1.9. Осы Көпшілік офертаны шарттарын қабылдаған жағдайда офертаның акцептін өндіретін жеке тұлға Сатушыға айналады.

1.10.  Акцепт деп Сатушының  жеке тұлғадан  Сатушы ұсынған шарттарда тауарды сатып алу ниеті туралы  хабарлама алуы болып табылады. Акцепт  Сатушының тапсырысты рәсімдеген кезде Көпшілік офертаның келісімшарттарын қабылдау ұсынысына оңды жауабы ретінде берілуі мүмкін. Акцепт жағдайында жеке тұлға  ретінде Сатушымен рәсімделген тауарлардың Сату-сатып алу келісімшартын жасасқан адам саналады.

  1. Сатып алушыға өзіңіздің электрондық поштаңызды және номер телефоныңызды хабарлай отырып, жарнама және ақпараттық сипаттағы ақпаратты тарату үшін, жеңілдіктер қамтитын ақпаратты, Сатып алушылардың болатын және қолданыстағы акциялары туралы, тапсырысты жеткізуге беру туралы, сондай-ақ, осы Көпшілік оферта мен келесімшарт шеңберінде Сатып алушының міндеттерін орындаумен тікелей байланысты өзге ақпаратты беру мақсатында Сатып алушы Сатушының көрсетілген байланыс  құралдарын,                         сондай-ақ,  келісімшарттардың міндеттерін орындауға тартылатын үшінші тараптардың қолдануына  келісімін береді.

2.1. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ  авторлық құқықтарын қорғау мақсатында оқулықтар мен ОӘК бойынша, соның ішінде электрондық нұсқаларына қатысты  кез-келген көшіру (басып шығару, көшіру), тарату, импорттау,  эфирде және кабель бойынша қоғамдық хабарлау, жалпы ақпаратты, кез-келген өңдеуді, соның ішінде деректерді іздеуді, сондай-ақ оқулықтар мен ОӘК-ны пайдалану үшін пайда алуды талап ететін басқа да әрекеттерді қамтитындығын хабарлаймыз.

Заңның 48-бабына сәйкес оқулықтар мен ОӘК-ны қандай да болмасын заңсыз пайдалану үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

  1. ИНТЕРНЕТ-ДҮКЕННІҢ ЖАҒДАЙЫ

2.1. Интернет-дүкен Сатушының меншігі болып табылады және ғаламтор арқылы Тауарларды сатып алудың дистациондық тәсілін ұйымдастыруға арналған.

2.2. Сатушы интернет-дүкенде тіркелу және тапсырыс беру кезінде Сатып алушы ұсынатын ақпараттың мазмұны мен шынайылығына жауапты емес.

 

  1. САТЫП АЛУШЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ

3.1. Интернет-дүкеннің қолданушысы интернет-дүкенде тапсырыс жасаған  кезден бастап Сатып алушының мәртебесін алады.

3.2. Сатып алушы тапсырысты ресімдеу және тіркеу кезінде ұсынылған ақпараттың дұрыстығы мен оның үшінші тұлғалардың талаптары бойынша адалдағына  жауап береді.

3.3. Сатып алушы осы Көпшілік офертада көрсетілген шарттар мен шарттарға келісімін растайды және Интернет-дүкендегі Тауарды тіркеу кезінде және / немесе Тапсырыс жасағанда «Мен келісімшарттың  шарттарымен келісемін» бағанасында бағаны белгілеу арқылы Келісімшарт жасасу туралы шешім қабылдайды. Осылайша, Сатып алушы Келісімшарттың талаптары оқылғандығын, түсінгендігін және қабылданғанын растайды.

3.4. Тауарларды қарау және таңдау үшін Интернет дүкенінің ресурсын пайдалану, сондай-ақ тапсырыс берген кезде сатып алушы үшін тегін болып табылады.

3.5. Сатып алушы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен және жеңілдіктерді алуға байланысты емес , Тауарлар тек қана жеке қажеттіліктеріне ғана сатып алынады,.

  1. ОФЕРТАНЫҢ ПӘНІ

4.1. Сатушы Сатып алушының тапсырысына сәйкес Сатып алушыға Сатушы белгілеген шарттарға және бағаға сәйкес Сатушы қоймасында Тауардың болуына байланысты сатады.

4.2. Сатып алушы тапсырыс берген және төлеген тауарларды жеткізуді Сатушы анықтаған үшінші тарап жүзеге асырады.

4.3. Қазақстан Республикасының қолданыстағы Азаматтық кодексінің бөлшек сауда-саттығы мен сату туралы ережесін, сондай-ақ «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасының ережелері Сатып алушы мен Сатушының арасындағы қатынастарға қолданылады.

4.4. Сатушы Сатушы ұсынған Тауарды Сатып алу туралы Сатып алушының ниеті туралы хабарламаны алған сәттен бастап, жеке тұлға ұсыныстың барлық шарттарын (ұсынысты қабылдау) және оның қосымшаларын толық көлемде қабылдаған деп есептеледі. Ұсынысты қабылдаған кезде, жеке тұлға Сатушымен тапсырыс берілетін тауарларды сатып алу және сату туралы келісімшарт жасасқан және Сатып алушының мәртебесін алады деп есептеледі.

 

  1. САТУ-САТЫП АЛУҒА АРНАЛҒАН ШАРТТЫ ҚОРҒАУ ТӘРТІБІ

5.1. Сатып алушының Тауарларға тапсырыс беруін рәсімделуі «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінің «Төлем жүргізу үшін нұсқаулық» тармағында көрсетілген әрекеттерді орындау арқылы жүзеге асырылады,  тармаққа  тікелей сілтеме: http://store.nis.edu.kz/faqs/

5.2. Тек тіркелген пайдаланушылар ғана тапсырыс бере алады. Тапсырысты орналастыру үшін сіз өз логиныңыз бойынша сайтқа кіруіңіз керек. Тіркелу орташа есеппен 2 минуттан аспайды.

Тауар картасында қажетті санын таңдап, «Себетке қосу» батырмасын басыңыз. Сіз барлық қажетті тауарды таңдаған болсаңыз, тапсырыс беру процесіне өту үшін «Себетке өту» түймесін басыңыз. Каталогты қарап шығуды жалғастырғыңыз келсе, оған қайта оралыңыз.

Сіз өзіңізге қызықтырған барлық тауарларды себетке салғаннан кейін, себетке өтіңіз. Ол үшін сайттың жоғарғы оң жақ бұрышындағы «Себет» батырмасың басыңыз.

«Себет» парағында Сіз таңдалған тауарлардың санын өзгерте аласыз, қажет емес заттарды алып тастай аласыз немесе кейбір тауарларды кейінге қалдырған тізімге көшіре аласыз.

Жеткізу әдісін, мекен-жай мен төлем формасын таңдаңыз. Содан кейін «Тапсырысты рәсімдеу» батырмасын басыңыз.

Құттықтаймыз. Сіздің тапсырысыңыз қабылданды!

5.3. Жаңа қолдаушыны тіркеген кезде өзіңіздің жеке мәліметтеріңізді енгізуіңіз керек:

  1. Тауарды сатып алушының Т. А. Ә.А.;
  2. Сатып алушының ЖСН.
  3. Тауарды жеткізудің мекенжайы;
  4. 4.         байланыс телефон;
  5. 5.         Тауарды сатып алушының электрондық поштасы;
  6. 6.         жеке кабинетке кіру үшін құпиясөз.

5.4.  Біздің сайтта тіркелу сізге қосымша мүмкіндіктер береді.

Сіз:

  • ұнатқан тауарларды кейінге қалдыру;
  • тапсырыстардың жағдайын бақылап, олардың тарихын Жеке кабинетте бақылай аласыз;
  • жеткізу мекен-жайын, телефон нөмірін бір рет енгізіңіз және тапсырыс берген кезде оларды қайтадан көрсетпеңіз.

5.4.1. Сатып алушының Тауарды сатып алу туралы еркі Интернет-дүкендегі тапсырыс нысанындағы соңғы ақпаратты немесе Интернет-дүкеннің менеджері арқылы өтініш беру арқылы жүзеге асырылады.

5.5. Интернет-дүкен Сатып алушы туралы ақпаратты редакцияламайды. Сатып алушы Сатушының Сатып алушының алдындағы міндеттемелерін дұрыс орындамауына әкеліп соқтырған дұрыс емес ақпарат беру үшін толық жауап береді.

 

  1. ТАУАР ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

6.1. Тауар сайтта интернет-дүкеннің меншігі болып табылатын графикалық кескін үлгілері арқылы ұсынылады және Тауардың нақты көрінісінен өзгеше болуы мүмкін

6.2. Әр графикалық кескін – үлгі мәтіндік ақпаратпен бірге беріледі: тауардың атауы, бағасы және сипаттамасы.

6.3. Интернет-дүкенде ұсынылған барлық ақпараттық материалдар анықтамалық сипатта болады және тауарлардың қасиеттері мен сипаттамалары туралы ақпаратты толық жеткізе алмайды. Сатып алушының Тауардың қасиеттері мен сипаттамаларына қатысты қандай да бір сұрақтары болған жағдайда, Сатып алушы тапсырыс бергенге дейін веб-сайтта көрсетілген телефондар бойынша сатушыға хабарласуы керек.

6.4. Сатып алушының өтініші бойынша интернет-дүкеннің менеджері тауарларды сатып алу туралы шешім қабылдауы үшін Сатып алушының көзқарасынан қажетті және жеткілікті ақпаратты (телефон немесе электрондық пошта арқылы) беруге құқылы.

 

  1. ТАУАРДЫ САТЫП АЛУ ТӘРТІБІ

7.1. Сатып алушы интернет-дүкенде ұсынылған кез келген тауарға тапсырыс беруге құқылы. Әрбір тауарға кез-келген көлемде тапсырыс беруге болады. Көрсетілген ережеден ерекше жағдайлар әрбір тауардың сипаттамасында акцияларды сату, тауарларды сатудан шығару және т.б. болған жағдайда көрсетіледі.

7.2. Сатып алушы тапсырысты  сайтта көрсетілген телефон нөмірлері арқылы немесе сайтта өз бетімен рәсімдеуіне  болады.

7.3. Тапсырысты рәсімдегеннен кейін, Сатушы Сатып алушының электронды поштасына тапсырыс берушінің тапсырысын қабылдауын растайтын ақпаратты, таңдалған Тауардың бағасын көрсете отырып және тапсырыстың жалпы сомасын көрсете отырып растайды немесе интернет-дүкеннің менеджері Сатып алушыға телефон арқылы хабарласады.

7.4. Сатып алушының тапсырыс берген тауары Сатушының қоймасында болмаған жағдайда, Сатып алушы көрсеткен электрондық пошта мекенжайына хабарлама жолдап немесе Интернет-дүкенінің операторы қоңырау шала отырып  хабарлап, Сатушы көрсетілген тауарды тапсырыстан алып тастауы мүмкін/тапсырысты жою мүмкін.

7.5. Тауар болмаған жағдайда, Сатып алушы оны басқа тауармен алмастыруға немесе тапсырыс күшін жоюға құқылы.

7.6. Тауарды жеткізу мерзімі сайттың «Жеткізу» бөлімінде көрсетілген.

 

  1. ТАУАРДЫҢ БАҒАСЫ

8.1. Интернет-дүкендегі Тауардың бағасы тауарлардың бірлігіне теңгемен көрсетілген.

8.2. Сайтта көрсетілген Тауардың бағасы Интернет-дүкен арқылы біржақты тәртіпте өзгертілуі мүмкін, бірақ Сатып алушы үшін тапсырыс берілген және төленген Тауардың бағасы өзгермейді. Егер Сатып алушы тапсырыс берген Тауардың құны дұрыс болмаса, онда Сатушы  түзетілген бағамен тауарды растауға немесе тапсырыстың күшін жою туралы Сатып алушыға хабарлайды. Егер Сатып алушыға хабарласу мүмкін болмаса, бұл тапсырма күшін жойды деп саналады.

8.3. Тапсырыстың жалпы құны Тауардың құнын және жеткізу құнын қамтиды.

 

  1. ТАУАРДЫ ТӨЛЕУ

9.1. Тауарларды төлеу әдістері мен тәртібі веб-сайттың «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінің «Төлем жүргізу үшін нұсқаулық» тармағында берілген. Қажет болған жағдайда, Тапсырыс берілетін тауарды сатып алу тәртібі мен шарттарын Сатып алушы Интернет-дүкеннің менеджерімен келісіледі.

9.2. Покупатель оплачивает заказ любым способом, доступным в Интернет-магазине. Сатып алушы тапсырысты  Интернет-дүкенде  қолжетімді кез-келген тәсілмен төлейді.

 

  1. ТАУАРЛАРДЫ ЖЕТКІЗУ

10.1. Тапсырыстарды жеткізу әдістері, тәртібі және мерзімі сайттың «Жеткізу» бөлімінде көрсетілген.

10.2. Тауарды қабылдау актiсi (тауарлық жүкқұжат).Тараптар қол қойған сәттен бастап,  тауарды сатып алушыға берген сәттен бастап меншiк иелігімен кездейсоқ жоғалу, жоғалту немесе бүлiну қаупi Сатып алушыға өтедi (тауарлық жүкқұжат).

10.3. Жеткізу барысында  тапсырыс  Сатып алушыға немесе Тапсырысшымен алушы ретінде көрсетілген үшінші тарапқа беріледі. Жоғарыда аталған тұлғалардың тапсырысты алуы мүмкін болмаған жағдайда тапсырыс туралы мәліметтерді (жіберушінің нөмірі және / немесе Алушының аты) бере алатын, сол мекен-жай бойынша болатын,  сондай-ақ, келесі құжаттардың біреуін: жеке куәлік, әскери қызметшінің әскери қызмет көрсету куәлігі, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға арналған ықтиярхаты көрсете отырып,    қабылдау туралы қажетті құжаттарда  тұлғаның Т.А.Ә.А көрсете отырып  сенімді өкілге берілуі мүмкін.

 

 

тапсырыс жеткізуші тұлғаға  тапсырыстың толық құнын төлей алатын адамға берілуі  мүмкін.

 

10.4. Тапсырысты алғаннан кейін Сатып алушы Сатушының (тасымалдаушының) өкілінің қатысуымен тауарлық жүкқұжатқа сәйкестігін тексеруге құқылы. Сатып алушы Тауарды алғаннан кейін Тауардың санын, сапасын, толықтығын тексеруге және тауардың  түріне және толықтығына қатысты наразылығының жоқ екенін растайтын Сатып алушының құжатына қол қоюға міндетті.

10.5.  Сатып алушы мынаны түсінеді және келіседі:

Жеткізуді жүзеге асыру – жеке қызмет, тауардың ажырамас бөлігі болып табылмайды,  Сатып алушы сатып алған тауарды қолына алған кезде жүзеге асырылуы аяқталады.

 

 

  1. ТАУАРҒА БЕРІЛЕТІН КЕПІЛДІКТЕР

11.1. Тауарды қабылдау және төлеуден кейін туындаған сатып алынатын тауарлардың сапасына қойылатын талаптар «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Сатушының кепілдіктік міндеттемелеріне сәйкес қаралады.

 

 

 

  1. ТАУАРДЫ ҚАЙТАРУ

12.1. Сатып алушы Тауарды Сатып алушыға жеткізуге және тауарларды бергеннен кейін Тауарды қабылдаған күннен бастап 14 (он төрт) күн ішінде Сатушының  Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» қолданыстағы заңнамасында көзделген тәртіппен және шарттарда жеткізушінің құнын өтеуге жататын кез келген уақытта Тауарды қабылдаудан бас тартуға құқылы.

12.2. Тауарларды тиісті сапада қайтару, егер оның көрсетілімі (орауды қоса алғанда), тұтынушылық қасиеттері, пломбалары, этикеткалары, сондай-ақ көрсетілген тауарларды сатып алу фактілері мен шарттарын растайтын құжат сақталған жағдайда мүмкін болады.

12.3.  Тауарды қайтару, заңда және Қоғамдық ұсыныста көзделген жағдайларда, сайттағы «Кері байланыс» бөлімінде  көрсетілген мекенжайларға жіберіледі.

12.4. Сатып алушы Тауарларды сапасыз тауардан бас тартса, Сатушы Тауарды Сатып алушыға / Сатып алушыдан қайтарылған тауарлардан жеткізу үшін Сатушы шығындарын қоспағанда, келісімшартқа сәйкес төленген соманы қайтарады.

12.5.   Сатып алушыға  тауардың ақшалай қаражатын қайтару туралы ақпарат  сайттың «Қайтару шарттары» бөлімінде көрсетілген.

12.6.  Тауарларға банктік аударым бойынша төленген сомаларды қайтару серіктес-банктер ұсынған тәртіпте және шарттарда жүзеге асырылады.

 

  1. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

13.1.  Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.

13.2.  Сатушы  егер де Сатып алушы Интернет-дүкенде сатып алынған тауарды тиісінше қолданбаған жағдайда келтірілген залал үшін жауапты емес.

13.3. Тараптар Шарттың орындалуына тікелей кедергі келтіретін форс-мажорлық кезең ішінде келісім-шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.

 

  1. ӨЗГЕ ШАРТТАР

14.1. Сатып алушы мен Сатушының арасындаңы қарым-қатынастарға Қазақстан Республикасының заңнамасы қолданылады.

14.2. Келісімшарт осы Көпшілік офертаны акцепт мерзімінен бастап,  Сатып алушы мен сатушының арасында толық міндеттер орындалғанға дейін күшіне енеді.

14.3. Шарт бойынша Тараптардың міндеттемелерді орындау кезінде туындайтын барлық даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер жолымен шешіледі. Тараптар оларды жою мүмкiн болмаған жағдайда, олардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн сотқа жүгінуге құқылы.

14.4. Осы соттың Көпшілік офертасын және / немесе Келісімшарттың қандай да бір ережесінің жарамсыздығын растауы Кқпшілік офертаның және / немесе Келісімшарттың қалған ережелерінің жарамсыздығына әкеп соқпайды.

14.5. Интернет-дүкен сайтқа ұсынысты кеңейтуге және азайтуға, кез-келген тауарларды сатып алуға қолжетімдік реттеуге және кез-келген тауарларды сатуға өз қалауы бойынша тоқтатуға немесе мүлдем сатпауға құқылы.

14.6. Сатушы Интернет-дүкенде тауарларды сату-сатып алудағы жасасуға арналған осы Көпшілік офертасы бар пайдаланушы келісімшарттың мазмұнын кез-келген уақытта толықтыру және/немесе өзгерту құқығына ие.

 

• Тауар жеткізу мерзімінде жүзеге асырылмаған  немесе жеткізілмеген жағдайда не істеу қажет?

– Мына жерде көрсетілген байланыс ақпараты бойынша Маркетинг бөліміне хабарласу қажет.

• Тауарды жеткізу кезінде қателіктер орын алса немесе тауардың ақауы болса?

   – Байланыс ақпараты бойынша Маркетинг бөліміне хабарласу немесе Қайтару шарттары бөлімін қарап шығу қажет.

• Тауарды жеткізу қанша уақыт ішінде жүзеге асырылады?

    Жеткізу мерзімі  тауарға төлем жүргізгеннен кейін 2 жұмыс күнінен 10 жұмыс күніне дейінгі аралықта жүзеге асырылады  (жеткізу орнына байланысты).

• Тауарды жеткізу бағасы қандай?

    Астана қаласы бойынша курьер қызметі  – 550 теңге,  облыс орталықтарына  (Жеткізу Астана қаласынан жүзеге асырылады) – 750 теңге, (Облыс орталықтарынан төмен болса  ( Жеткізу Астана қаласынан жүзеге асырылады) – 950 теңге ). Нақты ақпаратты Жеткізу бөлімінен ала аласыз.

• Тапсырысқа қалай өзгерістер енгізуге болады немесе тапсырыстан  қалай бас тартуға болады?

– Мына жерде көрсетілген байланыс ақпараты бойынша Маркетинг бөліміне хабарласу қажет.

• Егер маған қажетті тауарлардың жалпы саны 5-тен асса, не істеу қажет?

    5-тен аса тауарға тапсырыс бергіңіз келсе, Сізге мына жерде көрсетілген байланыс ақпараты бойынша Маркетинг бөліміне хабарласу қажет.

  • Тауар карточкасынан қажетті көлемдегі Тауарға таңдау жасаңыз және «Себетке қосу» батырмасын басыңыз.
  • Егер Сіз барлық қажетті Тауарларды таңдасаңыз, тапсырысты рәсімдеу үшін «Себетке көшу» батырмасын басыңыз. Егер сіз каталогты қарауды жалғастырғыңыз келсе, қайтадан каталогқа оралыңыз.
  • Сіз қызығушылық танытқан тауарларды себетке салып болғаннан кейін, сол жерге өтіңіз.
  • Ол үшін сайттың жоғарғы оң жақ бұрышындағы «Менің себетім» батырмасын басыңыз,
  • «Менің себетім» парақшасында әрбір таңдалған Тауардың санын өзгертуге, қажет емес заттарды алып тастауға немесе Тауарлардың жартысын алып қойған тауарлар тізіміне қосып қоюға болады.
  • Жеткізу тәсілін, мекенжайды және төлем түрін таңдаңыз. Осыдан кейін «Тапсырысты рәсімдеу» батырмасын басыңыз. Құттықтаймыз, сіздің тапсырысыңыз қабылданды!

Сатып алушы Тауарды Сатып алушыға жеткізуге және тауарларды бергеннен кейін Тауарды қабылдаған күннен бастап 14 (он төрт) күн ішінде Сатушының  Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» қолданыстағы заңнамасында көзделген тәртіппен және шарттарда жеткізушінің құнын өтеуге жататын кез келген уақытта Тауарды қабылдаудан бас тартуға құқылы.

Сатып алушы Тауарларды сапасыз тауардан бас тартса, Сатушы Тауарды Сатып алушыға / Сатып алушыдан қайтарылған тауарлардан жеткізу үшін Сатушы шығындарын қоспағанда, келісімшартқа сәйкес төленген соманы қайтарады.

Сапасы қажетті деңгейде болмаған  тауарды қайтарған кезде:

  • Сапасы қажетті деңгейде болмаған тауар – елеулі ақаулары болғандықтан, функционалдық сапасын қамтамасыз ете алмайтын тауар. Осы жағдайда тауар ауыстырылады және тауардың және жеткізудің құны толығымен қайтарылады.
  • Тауар үшін төленген ақшалай қаражат төлем жүргізілген картаға қайтарылады. Растаушы құжаттар арқылы төлем фактісін растау міндетті шарт болып табылады.Қайтару шарттары.
  • Сапасы қажетті деңгейде болмаған  тауарды қайтарған кезде:
    • Сапасы қажетті деңгейде болмаған тауар – елеулі ақаулары болғандықтан, функционалдық сапасын қамтамасыз ете алмайтын тауар. Осы жағдайда тауар ауыстырылады және тауардың және жеткізудің құны толығымен қайтарылады.
    • Тауар үшін төленген ақшалай қаражат төлем жүргізілген картаға қайтарылады. Растаушы құжаттар арқылы төлем фактісін растау міндетті шарт болып табылады.

Бізге хабарласыңыз





captcha